Нора Джеруто Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру жарысы аяқталды. Қазақстан атынан осы қашықтықта Нора Джеруто өнер көрсетіп, 9 минут 06,82 секунд нәтижесімен екінші орынға ие болды. Азия ойындарының чемпионы атанған Бахрейн өкілі Уинфред Яви болса, жүлдегерлер үштігін Үндістан спортшысы Парул Чаудхари түйіндеді. Айта кетейік, Нора Джеруто Қазақстан атынан 5000 метрге жүгіру жарысына да қатысады. Дереккөз: Instagram аккаунттары: @qazathletics, @qaz_team_official
