<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстанның мерейтойлық чемпионаты аяқталды.

22–24 шілде аралығында Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының XXXV чемпионаты өтті. Бұл жарыс қазақстандық жеңіл атлеттердің 2026 жылғы жазғы маусымының қорытынды кезеңі болды. Турнирдің ерекшелігі – оның мерейтойлық, отыз бесінші рет ұйымдастырылуы және алғаш рет жуырда ғана пайдалануға берілген Қазақстан Ұлттық спорт университетінің стадионында өткізілуі. Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталады. Шығыс Қазақстан облысының намысын чемпионатта 35 спортшы қорғады. Бірінші жарыс күні облыс қоржынына бірнеше медаль түсті. Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде Эльнор Мұхитдинов пен Ефим Тарасов сәйкесінше 47,66 және 48,11 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші және екінші орындарды иеленді. Игорь Хрунин 1500 метр қашықтықта 4:00,75 уақытпен жеңімпаз атанды. Ерлер арасындағы 10 000 метрге жүгіруде Шадрак Кимутаи Коеч 30:48,08 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы 4×100 метрлік эстафетада Шығыс Қазақстан облысының құрамасы 42,54 секунд нәтижемен екінші орынға ие болды. Секторлық сайыстарда да алғашқы күні жүлделер көп болды. Алексей Хлыстов найзаны 70,47 метрге лақтырып, чемпион атанды. Артур Гафнер 70,40 метр нәтиже көрсетіп, небәрі алты сантиметр айырмашылықпен күміс жүлдеге ие болды. Ядро лақтыруда Иван Иванов 18,57 метр нәтижемен жеңіске жетті. Әйелдер арасында 10 000 метр қашықтықта Дейзи Джепкемей 33:52,33 уақытпен жеңімпаз атанса, Каролина Чепкоеч Кипкируи 36:41,73 нәтижемен үшінші орын алды. Әйелдер арасындағы 4×100 метрлік эстафетада ШҚО құрамасы 49,40 секунд көрсеткішпен қола жүлдеге ие болды. Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1,80 метр нәтижемен күміс медаль жеңіп алса, Надежда Дубовицкая 1,75 метрмен үшінші орынға тұрақтады. Анастасия Рыпакова ұзындыққа секіруден 6,11 метр нәтижемен чемпион атанды. Найза лақтыруда Варвара Назарова 45,75 метр көрсеткішпен тағы бір алтын медальді облыс қоржынына салды. Жарыстың екінші күні де тартысты өтті. Аралас 4×100 метрлік эстафетада Шығыс Қазақстан облысының құрамасы 45,42 секунд нәтижемен екінші орын алды. Биіктікке секіруден Акылжан Токтагалин 2,04 метр нәтижемен үшінші орынға ие болды. Сырықпен секіруде Аскар Омирзак 4,30 метрді бағындырып, күміс жүлдегер атанды. Онсайыста Иван Сенинг 6575 ұпай жинап, чемпион болды. Әйелдер арасында Софья Киденко 200 метрге жүгіруде 25,20 секунд нәтижемен үшінші орынға ие болды. Үш қарғып секіруде Варвара Дмитриева 12,60 метр көрсеткішпен күміс жүлдені жеңіп алды.      Нәтижелер (1-күн)       Ерлер       400 м Эльнор Мұхитдинов — 47,66 Ефим Тарасов — 48,11      1500 м Игорь Хрунин — 4:00,75      10 000 м Шадрак Кимутаи Коеч — 30:48,08       4×100 м эстафета ШҚО құрамасы — 42,54     Найза лақтыру Алексей Хлыстов — 70,47 м Артур Гафнер — 70,40 м      Ядро лақтыру Иван Иванов — 18,57 м     Әйелдер      10 000 м Дейзи Джепкемей — 33:52,33 Каролина Чепкоеч Кипкируи — 36:41,73      4×100 м эстафета ШҚО құрамасы — 49,40       Биіктікке секіру Елизавета Матвеева — 1,80 м Надежда Дубовицкая — 1,75 м       Ұзындыққа секіру Анастасия Рыпакова — 6,11 м      Найза лақтыру Варвара Назарова — 45,75 м 2-күн Ерлер      Аралас 4×100 м эстафета ШҚО құрамасы — 45,42       Биіктікке секіру Акылжан Токтагалин — 2,04 м      Сырықпен секіру Аскар Омирзак — 4,30 м      Онсайыс Иван Сенинг — 6575 ұпай Әйелдер      200 м жүгіру Софья Киденко — 25,20       Үш қарғып секіру Варвара Дмитриева — 12,60 м         3-күн       Ерлер      5000 м Шадрак Кимутаи Коеч — 15:01,37        4×400 м эстафета ШҚО құрамасы — 3:16,75       Балға лақтыру Алдияр Қайроллаев — 46,71 м Әйелдер 5000 м Дейзи Джепкемей — 16:50,88 3. Арина Гладышева — 17:55,39            Балға лақтыру Анастасия Калошина — 55,84 м

⚡ Cached with atec Page Cache