Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан U23 Азия чемпионатына қатысады
2026 жылғы 9–12 шілде аралығында Қытайдың Ордос қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтық біріншілікте Қазақстанның намысын 21 спортшы қорғайды. Қазақстандық жеңіл атлеттер орта қашықтыққа жүгіру, кедергілер арқылы жүгіру, қысқа қашықтыққа жүгіру, эстафеталық жүгіру, секіру түрлері, спорттық жүріс және көпсайыс бойынша сынға түседі. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ұлттық құраманың спортшыларына сәтті өнер көрсетулеріне тілектестік білдіреді! Құрлықтық додада ел намысын 21 спортшы қорғайды: Аяна Болатбекқызы (800 м, 1500 м) Александр Жигарь (800 м) Ақбаян Нұрмамет (1500 м) Виктория Сукачева (800 м, 4×400 м эстафета) Ринат Құлыгин (3000 м кедергілер арқылы жүгіру) Бағжан Серікқан (3000 м кедергілер арқылы жүгіру) Анастасия Цвиркунова (400 м кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафета) Екатерина Колода (400 м кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафета) Ақбілек Құралбай (3000 м кедергілер арқылы жүгіру) Мария Шувалова (400 м, 4×400 м эстафета) Анна Шумило (400 м, 4×400 м эстафета, 4×100 м эстафета) Екатерина Пузырёва (100 м, 200 м, 4×100 м эстафета) Дарья Гридасова (4×100 м эстафета) Татьяна Но (4×100 м эстафета) Фаина Мейрманова (биіктікке секіру) Диляра Хайбуллина (ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру) Максим Балабин (сырықпен секіру) Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру) Ясмина Токсанбаева (20 000 м спорттық жүріс) Эльмира Калимуллина (20 000 м спорттық жүріс) Дереккөз: Qazathletics.kz, Olympic.kz
