Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының қорытындысы: ШҚО медальдары

Үшінші күннің қорытындысы 400 м кедергілер арқылы жүгіру3-орын — Ясмина Түсіпова (15.01.2010, ШҚО) — 1:06.85 800 м1-орын — Дарья Поточеская (22.10.2010, ШҚО) — 2:17.82 100+200+300+400 м эстафетасы2-орын — ШҚО құрамасы (Амина Жайнақова, Дарья Ситникова, Надия Керімова, Дарья Поточеская, Ясмина Түсіпова) — 2:17.50 Шымкент қаласында 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. «ШҚО СДЮШОР» КММ тәрбиеленушілері жарыста облыс намысын лайықты қорғап, чемпионаттың барлық үш күнінде жүлделі орындарға ие болды. Бірінші күн Жарыстың алғашқы күні Шығыс Қазақстан құрамасы сенімді бастама жасады. Роман Верченко ядро итеруден 15,23 м нәтижемен чемпион атанды. Дарья Поточеская 400 метрге жүгіруде 57,84 сек нәтижемен жеңіске жетсе, ШҚО қыздар құрамасы 4×100 м эстафетасында 49,78 сек уақыт көрсетіп, бірінші орын алды. Осы қашықтықтағы ұлдар құрамасы 44,04 сек нәтижемен қола жүлдеге ие болды. Күміс медальдарды Даниил Мироненко (100 м — 11,10 сек) және қыздар арасында осы қашықтықта Дарья Ситникова (12,67 сек) жеңіп алды. Ал Тимур Жанасов (400 м — 51,91 сек), Платон Круглов (сырықпен секіру — 3,70 м), Амина Жайнақова (100 м — 12,68 сек) және Зухра Каримова (биіктікке секіру — 1,60 м) қола жүлдегер атанды. Екінші күн Екінші күні биіктікке секірушілер ерекше көзге түсті. Рамазан Бақытжанов 1,95 м нәтижемен алтын медаль жеңіп алды, ал Нұртас Рахимжанов 1,90 м көрсеткішпен күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлделерді Любима Белоусова, Амина Жайнақова, Даниил Мироненко және Дарья Ситниковадан құралған 4×100 м аралас эстафета құрамасы (46,64 сек), Дарья Ситникова (200 м — 25,98 сек) және Яна Хайрутдинова (ұзындыққа секіру — 5,50 м) жеңіп алды. Үшінші күн Чемпионаттың соңғы күні тағы үш жүлде әкелді. Дарья Поточеская 800 метрге жүгіруде 2:17.82 нәтижемен тағы да чемпион атанып, турнирде екі дүркін жеңімпаз болды. Амина Жайнақова, Дарья Ситникова, Надия Керімова, Дарья Поточеская және Ясмина Түсіповадан құралған ШҚО қыздар құрамасы 100+200+300+400 м эстафетасында (2:17.50) күміс медаль жеңіп алды. Ясмина Түсіпова 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 1:06.85 нәтижемен қола жүлдегер атанды. Чемпионат Шығыс Қазақстанның жас жеңіл атлеттерінің жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Шымкент қаласында 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты жалғасуда.

Шымкент қаласында 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Турнирде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары лайықты өнер көрсетіп жатыр: «ШҚО МБЖСМОР» КММ тәрбиеленушілері командалық және жеке есепте жоғары орындар үшін жүгіру жолдары мен секторларда бақ сынауда. Ұлдар 4×100 м аралас эстафета3-орын — Шығыс Қазақстан облысының құрамасы (Любим Белоусов, Амина Жайнақова, Данил Мироненко, Дарья Ситникова) — 46,64 сек. Биіктікке секіру1-орын — Рамазан Бақытжанов (17.09.2009) — 1,95 м.2-орын — Нұртас Рахымжанов (13.02.2009) — 1,90 м. Қыздар 200 м3-орын — Дарья Ситникова (02.10.2011) — 25,98 сек. Ұзындыққа секіру3-орын — Яна Хайрутдинова (07.01.2011) — 5,50 м.