<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Қазақстан U-20 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Қарағандылық Милана Зубарева, алматылық Маргарита Косинова, павлодарлық Мария Зиневич және Өскемен қаласының өкілі Софья Киденко 4×400 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды. Жарыс барысында команда жоғары қарқынды сақтап, мәреге дейін жүлделі орындар үшін күресті. Нәтижесінде қазақстандық квартет 3:43,63 уақыт көрсетіп, екінші орынға ие болды. Алтын медаль Үндістан құрамасына бұйырса, қола жүлдені Гонконг спортшылары жеңіп алды. Дереккөз: @qazathletics Instagram парақшасы

⚡ Cached with atec Page Cache