2026 жылғы 19-21 мамыр аралығында Шымкентте өтетін жеңіл атлетикадан U16 және U20 жас санаттары арасындағы ҚР Чемпионаты. 1-күн
Елизавета Матвеева — Чунцинде өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері

Қазақстандық жеңіл атлет Елизавета Матвеева Чунцин қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан секірулер бойынша Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Бұл турнир Азия жеңіл атлетикасы тарихындағы осындай форматтағы алғашқы құрлықтық жарыс болып отыр. Биіктікке секіру секторында Матвеева 1.80 м нәтижесін көрсетіп, жүлдегерлер қатарына енді және Қазақстан құрамасына жарыстағы алғашқы медальдардың бірін сыйлады. Қазақстанның тағы бір өкілі Надежда Дубовицкая 1.75 м нәтижемен жарысты тоғызыншы орында аяқтады. Елизавета Матвееваны сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз және оған жаңа жетістіктер, жарқын жарыстар мен халықаралық аренада толағай жеңістер тілейміз! Фото дереккөзі: https://www.instagram.com/flavko.kz
