«Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығында «Kids Athletics» финалы өтті.

«Kids Athletics»: Отан қорғаушылар күніне арналған жеңістер! 6 мамырда «ШҚО МБЖОРМ» КММ базасындағы «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығында Отан қорғаушылар күніне орай «Kids Athletics» халықаралық бағдарламасының финалы өтті. Жас спортшылар өздерінің мықты физикалық дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар жоғары командалық рухтарын да көрсете білді. Жарыс нәтижелері: 1-орын — №22 мектеп 2-орын — №32 мектеп 3-орын — №19 мектеп Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Жарыс бағдарламасы

Жеңіл атлетикадан «шқо жеңіл атлетикадан МБЖОРМ» кмм Ашық біріншілігінің кестесі 2003 ж.т. және одан үлкен, 2004-2006 (u23) ж.т., 2009-2010 (u18) ж.т., 2011-2012 (u16) және одан кішілер арасында. 2026 жылғы 8 мамыр. «Алтай» стадионы. (Өскемен қ., Антон Чехов көш., 70а) . Таңғы сессия. Жүгіру түрлері.   09:00 — 100 м к/б (Әйелдер) — Финал. 09:35 — 5000 м (Әйелдер / Ерлер). 10:00 — 110 м к/б (Ерлер) — Финал. 10:30 — 400 м к/б (Әйелдер) — Финал. 10:50 — 400 м к/б (Ерлер) — Финал. 11:10 — 200 м (Әйелдер) — Іріктеу. 11:30 — 200 м (Ерлер) — Іріктеу. 11:50 — 800 м (Әйелдер) — Финал. 12:10 — 800 м (Ерлер) — Финал. 12:30 — 400 м (Әйелдер) — Финал. 12:50 — 400 м (Ерлер) — Финал. 13:10 — 200 м (Әйелдер) — Финал. 13:20 — 200 м (Ерлер) — Финал. Лақтыру түрлері. 13:00 — Найза (Әйелдер / Ерлер). 14:00 — Диск (Әйелдер / Ерлер). 15:00 — Балға (Әйелдер / Ерлер).   «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығы. (Сәтбаев даңғылы, 82/2) . 16:00 — Ашылу салтанаты (барлық спортшылар үшін міндетті қатысу). Кешкі сессия: Техникалық түрлер. 16:10 — Үш қарғып секіру (Әйелдер / Ерлер). 16:10 — Биіктікке секіру (Әйелдер) — Финал. 16:10 — Ядро итеру (Әйелдер / Ерлер). 16:40 — Ұзындыққа секіру (Әйелдер) — Финал. 17:05 — Биіктікке секіру (Ерлер) — Финал. 17:40 — Ұзындыққа секіру (Ерлер) — Финал. Жарыстың аяқталуы. 18:00 — Марапаттау рәсімі (бағдарламаның барлық түрлері бойынша). Бас төреші: Бахтин В.А. Бас хатшы: Ермолов Г.Б.