Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

КММ ШҚО МБЖОРМ-да Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні мектеп ұжымы ер азаматтарды ерекше құрмет пен ілтипатпен құттықтап, олардың спортты дамытуға, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесін және өз ісіне деген адалдығын атап өтті. Мерекелік кездесу 6 мамыр күні мекеменің конференц-залында өтті. Бағдарлама аясында басшылық құттықтау сөз сөйлеп, жаттықтырушылар мен мамандардың жұмысындағы батылдық, жауапкершілік және кәсібиліктің маңыздылығын атап өтті. Ерекше сәт – еңбек жетістіктері үшін құрмет грамоталарын табыстау болды. Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз,Күш-қуат, батылдық пен төзімділік тілейміз,Өмірлеріңізде бейбітшілік, табыс пен абырой болсын,Жандарыңызда мақтан тұтатын жандар әрдайым болсын.