Мейірімділік пен спорт: Өскеменде қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді

«Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ қала тұрғындары мен қонақтарын қайырымдылық жәрмеңкесіне және ашық есік күніне қатысуға шақырады. Іс-шара бағдарламасы 11:00 — Қайырымдылық жәрмеңкесінің ашылуы: ұлттық тағамдар мен кондитерлік өнімдер сатылымы. 11:45 — Мерекелік шоу-бағдарлама мен концерттің басталуы. Күн бойы — Мекемеге экскурсия (Ашық есік күні аясында) және спорттық жарыстар. Келушілерге арналған ақпарат Өтетін күні: 2026 жылғы 9 сәуір. Мекен-жайы: Қ. Сәтбаев даңғылы, 82.

Барлық жас санаттары арасындағы ШҚО ашық жеңіл атлетика чемпионаты

2–3 сәуір күндері «Ольга Рыпакова» атындағы жеңіл атлетика орталығында барлық жас санаттары арасында Шығыс Қазақстан облысының ашық жеңіл атлетика чемпионаты өтті. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 300-ден астам спортшы, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Олардың көпшілігі үшін бұл жарыс жеңіл атлетика әлеміндегі алғашқы маңызды қадам болды. Жүгіру жолдары мен секторларда әрбір секунд пен әрбір сантиметр үшін нағыз тартыс өрбіді: қатысушылар күш-жігерін, төзімділігін және мінезін көрсетті, ал жеңістер көбіне қашықтықтың соңғы метрлерінде шешілді. Чемпионат қорытындысы бойынша Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын облыс құрамасы жасақталады. Шығыс Қазақстан облысының ашық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің нәтижелері спортшылардың жоғары дайындық деңгейін және жаңа жетістіктерге деген ұмтылысын айқын көрсетті.