Алматы қаласында лақтырулар, спорттық жүріс және тас жолдағы жүгіру бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Алматы қаласында 2026 жылғы 27–29 наурыз аралығында өткен Қазақстан Республикасының лақтырулар, спорттық жүріс және тас жолдағы жүгіру бойынша чемпионаты өз мәресіне жетті. Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы түрлі дисциплиналарда жүлделі орындарға ие болып, жақсы нәтиже көрсетті. Әйелдер арасында диск лақтыруда Арина Мозуляко U20 санатында жеңімпаз атанып, Азия чемпионатына норматив орындады, ал Арина Дудченко 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында екінші орын алды. 10 км спорттық жүрісте Арина Гладышева U23 санатында қола жүлдеге ие болды. Найза лақтыруда әйелдер де, ерлер де жоғары нәтиже көрсетті: Наталья Соколова U23 санатында бірінші орын алды, Варвара Назарова ересектер арасында жеңімпаз атанды. Ерлер арасында Артур Гафнер бірінші орын алып, Алексей Хлыстов екінші орын иеленді. Балға лақтыруда әйелдер арасында Анастасия Калошина ересектер санатында алтын медаль жеңіп алды, Валерия Логинова (U23) екінші, Виктория Шатаева (U20) үшінші орын алды. Ерлер арасында Олег Любимов (ересектер) және Алдияр Қайроллаев (U20) жеңімпаз атанды, ал Максим Торлопов U23 санатында екінші орын алды. Командалық есеп бойынша Шығыс Қазақстан облысы 12 114 ұпай жинап, 3-орынға ие болды. Жарыстың толық хаттамалары кейінірек жарияланады. Диск лақтыруӘйелдер:1 орын (U20), Азия чемпионатына норматив — Арина Мозуляко2 орын (U23) — Арина Дудченко Спорттық жүріс (10 км)Әйелдер:3 орын (U23) — Арина Гладышева Найза лақтыруӘйелдер:1 орын (U23) — Наталья Соколова1 орын (ересектер) — Варвара Назарова Ерлер:1 орын (ересектер) — Артур Гафнер2 орын (ересектер) — Алексей Хлыстов Балға лақтыруӘйелдер:3 орын (U20) — Виктория Шатаева2 орын (U23) — Валерия Логинова1 орын (ересектер) — Анастасия Калошина Ерлер:2 орын (U23) — Максим Торлопов1 орын (ересектер) — Олег Любимов1 орын (U20) — Алдияр Қайроллаев
