Риддер қаласында Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған жеңіл атлетика жарысы өтті

5–6 желтоқсан аралығында Риддер қаласының спорт модулінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған КМҚК «БЖСМ» жеңіл атлетикадан ашық біріншілігі өтті. Жарысқа спорт мектептерінің тәрбиеленушілері — 2015 жылы туған ең кішкентай спортшылардан бастап, 2009 жылғы жасөспірімдерге дейін қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында патриотизмді нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жеңіл атлетиканы дамыту болды.Жарыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуін Е.А. Подкорытов басшылық ететін Риддер қаласы КМҚК «БЖСМ» төрешілер алқасы қамтамасыз етті. Жас жеңіл атлеттер жеке есепте бақ сынады. Ересек жас санаттары үшін 400 және 1500 метр қашықтықтары, ал кіші жас топтары үшін 300 және 1000 метр қашықтықтары ұсынылды.Біріншілік қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер әртүрлі дәрежедегі дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.