Фаина Мейрманованы салтанатты қарсы алу

  29 қараша күні Фаина Мейрманованы салтанатты қарсы алу өтті. Ол 2025 жылдың 15–26 қарашасы аралығында Жапонияның Токио қаласында өткен Сурдолимпиада ойындарынан жеңіспен оралды.Қазақстандық спортшы Фаина Мейрманова биіктікке секіруден чемпион атанып, Ойындар рекордын орнатты — 1,79 м!Күміс медаль — Анна Суравец (1,76 м),қола — Лейа Глонарик (1,67 м). Фаина — халықаралық дәрежедегі спорт шебері.2024 жылы Тайбэйде ол әлемдік U20 рекордын жаңартып, кейін Азия-Тынық мұхиты ойындарының чемпионы атанды (ұзындыққа секіру). Ол — 19 жаста, Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды және спортпен шамамен жеті жыл айналысып келеді.