Фаина Мейрманова — Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және жаңа рекордтың иегері!

Қазақстандық спортшы Фаина Мейрманова биіктікке секіруде жеңіске жетіп, Ойындар рекордын орнатты — 1.79 м!Күміс — Анна Суравец (1.76 м), қола — Лейа Глонарик (1.67 м). Фаина — халықаралық дәрежедегі спорт шебері.2024 жылы Тайбэйде ол U20 әлемдік рекордын орнатты, кейін Азия-Тынық мұхиты ойындарында ұзындыққа секіруден чемпион атанды. Ол 19 жаста, Шығыс Қазақстан облысын ұсынады және спортпен шамамен жеті жыл айналысып келеді.Құттықтаймыз! Қазақстан сенімен мақтанады! Дереккөз: @qazathletics Фото дереккөзі: https://kazpravda.kz/
