Республика күні құтты болсын!

Құрметті отандастар! Республика күні құтты болсын! Сіздерді Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен және ыстық ықыласпен құттықтаймыз! 1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды, ол Тәуелсіздік жолындағы бастау нүктесі болып, мемлекеттігіміздің негізін қалады. Бұл күн – бірліктің, азаматтық келісімнің және еліміздің болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символы. Барша Қазақстан азаматтарына зор денсаулық, бақ-дәулет, бақыт және Отанымыздың өркендеуі жолында жаңа жетістіктер тілейміз. Әр шаңыраққа тыныштық, молшылық және татулық орнасын!