Өскеменде жас спортшылар арасында жеңіл атлетикадан ашық біріншілік өтті

2025 жылғы 4 қазанда Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында «ШҚО СДЮШОР жеңіл атлетикадан» КММ ашық біріншілігі өтті. Жарысқа 2013–2014 жылы туған ұлдар мен қыздар, сондай-ақ 2015 жылы және одан кейінгі жылы туған спортшылар қатысты. Жас жеңіл атлеттер 50 және 500 метр қашықтыққа жүгіруде, ұзындыққа секіруде бақ сынап, жарыс бағдарламасының қорытындысы ретінде барлық командалар қатысқан 4х200 метрлік эстафета өтті. Жарыстың мақсаты – балалар арасында жеңіл атлетиканы насихаттау, жарыстық тәжірибе жинақтау және салауатты өмір салтын дәріптеу болды. Ұйымдастырушылар – «ШҚО ЖАФ» ҚБ және «ШҚО СДЮШОР жеңіл атлетикадан» КММ. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және медальдармен марапатталды. Көптеген қатысушылар үшін бұл спорттық мансаптағы алғашқы маңызды бастама болса, бапкерлер үшін болашақ чемпиондарды дайындаудағы маңызды кезеңге айналды.