<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Өскеменде жеңіл атлетикадан ашық чемпионат өтті

2025 жылғы 27–28 қыркүйекте Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында Қазақстан Республикасы күніне арналған Өскемен қаласының жеңіл атлетикадан ашық чемпионаты өтті. Екі күн бойы 60 метрден 3000 метрге дейінгі қашықтықтарға жүгіру, эстафеталар, ұзындыққа, биіктікке және сырықпен секіру, үш қарғып секіру, сондай-ақ ядро, диск, найза және балға лақтыру сайыстары ұйымдастырылды. Чемпионатқа ұлдар мен қыздар қатысты, көптеген сайыстарда финалдық жарыстар өтті. Әр күннің соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімдері өткізілді.  

⚡ Cached with atec Page Cache