«Өскеменде жас спортшылар арасында жеңіл атлетикалық төртсайыстан біріншілік өтті»

2025 жылғы 13 қыркүйекте Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО МЖОРБ жеңіл атлетикадан» КММ ұйымдастырған ұлдар мен қыздар арасында (2012–2013 ж.т., 2014 ж.т. және кіші) жеңіл атлетикалық төртсайыстан облыс біріншілігі өтті. Жарыс Отбасы күніне арналды және Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикалық төртсайысы чемпионатына қатысатын ең мықты спортшыларды іріктеу мақсатында өткізілді. Біріншілік бағдарламасына мынадай жаттығулар кірді: 60 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, салмағы 150 грамм допты лақтыру, сондай-ақ қыздар үшін 500 метрге және ұлдар үшін 600 метрге жүгіру. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олар Қазақстан Республикасының алдағы чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғау құқығына ие болды.