Қошербаев Рахымғазы Нұрғалиевичті еске алуға арналған жүгіру

2025 жылғы 31 тамыз күні сағат 8:00-де Өскемен қаласында КСРО спорт шебері, аңызға айналған бапкер әрі тәлімгер — Қошербаев Рахымғазы Нұрғалиевичке арналған еске алу жүгіруі өтеді. Маршрут: ГЭС-тен (Аблакетка) Өскемен қаласы әкімдігіне дейін (Пермитин көшесі, 17)Қашықтық: 12 кмТіркеу: сағат 06:00-ден 07:45-ке дейін, бастау орнында Жүгіру жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі:17 жасқа дейін, 18–29, 30–39, 40–49, 50–59, 60–69 және 70 жастан жоғары. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Рахымғазы Нұрғалиевич — Қазақ КСР-інің бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстарға қатысушы, өмірінің 43 жылын спортқа арнаған, Қазақстан мен әлем чемпиондарын тәрбиелеген тұлға. 40 жылдан астам уақыт бойы ол «Восток» спорт клубында бапкер болып қызмет етті. Жүгіреміз — еске алу үшін. Жүгіреміз — алғыс айту үші

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Конституция – мемлекетіміздің нышаны, құқықтық тәртіптің негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Ол бізді ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіріп, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтып, бейбітшілік пен келісімнің берік іргетасына айналды. Осы мерекелі күні баршаңызға бақыт, амандық және жарқын болашаққа деген сенім тілейміз. Қазақстанымыз өркендеп, дамып, халық бірлігі мен татулығы әрқашан күш-қуат пен жаңа жетістіктердің қайнар көзі бола берсін! Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!