ҚР жеңіл атлетика чемпионатының қорытындылары (10–12 шілде 2025 ж.)

Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика чемпионатының қорытындылары (10–12 шілде 2025 ж.) 2025 жылғы 10–12 шілде аралығында өткен Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика чемпионатында басты назардың бірі әйелдер арасындағы найза лақтыру секторы болды. Бұл сында Шығыс Қазақстанның атынан қатысқан көп мәрте ел чемпионы Варвара Назарова басты фаворит саналды. Ол 47.12 метр нәтижемен сенімді түрде бірінші орынды иеленді.Қола медальді 20 жастағы Наталья Соколова жеңіп алды (42.20 м), ол жуырда өткен республикалық Жастар ойындарында жеке рекорд орнатып (47.25 м), жеңіске жеткен болатын. 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин 47.71 секунд нәтижемен ел чемпионы атанды.Күміс медаль — Элнор Мухитдиновке (48.40), қола — Андрей Соколовқа (48.78) бұйырды. Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде 2007 жылы туған Софья Киденко ерекшеленді — ол 56.26 секундпен күміс жүлде иеленді.1500 метр қашықтықта қола жүлде Игорь Хрунинге (4:00.51) бұйырды.Ерлер арасында ұзындыққа секіруде ШҚО-дан келген 17 жастағы Асан Азаматұлы 7.24 м нәтижемен көзге түсті. Ерлер арасындағы балға лақтыруда барлық жүлделі орындарды Шығыс Қазақстанның өкілдері иеленді.Бірінші орынды 18 жастағы Алдияр Қайроллаев 47.62 м нәтижемен жеңіп алды, әрі барлық алты мүмкіндігін тиімді пайдаланды.Екінші орынды Максим Торлопов (45.31 м), үшінші орынды Алексей Владимиров (45.28 м) иеленді. Нәтижелер: Балға лақтыру (ерлер):1 – Алдияр Қайроллаев (ШҚО) — 47.62 м2 – Максим Торлопов (ШҚО) — 45.31 м3 – Алексей Владимиров (ШҚО) — 45.28 м Найза лақтыру (әйелдер):1 – Варвара Назарова — 47.12 м3 – Наталья Соколова — 42.20 м Биіктікке секіру (әйелдер):1 – Надежда Дубовицкая — 1.80 м3 – Елизавета Матвеева — 1.75 м Үш қарғып секіру (әйелдер):2 – Варвара Дмитриева — 12.72 м 4×100 м эстафета (әйелдер):3 – ШҚО құрамасы — 48.35 Балға лақтыру (әйелдер):1 – Анастасия Калошина — 54.79 м3 – Валерия Логинова — 41.20 м 100 м кедергілермен жүгіру (әйелдер):1 – Юлия Башманова — 13.69 Диск лақтыру (әйелдер):2 – Арина Мозуляко — 39.87 м Биіктікке секіру (ерлер):3 – Ақылжан Тоқтғалин — 1.95 м Ұзындыққа секіру (әйелдер):1 – Анастасия Рыпакова — 6.25 м Ядро итеру (ерлер):1 – Иван Иванов — 18.86 м2 – Константин Утешев — 15.20 м Найза лақтыру (ерлер):1 – Артур Гафнер — 73.05 м2 – Алексей Хлыстов — 63.67 м 5000 м жүгіру (әйелдер):3 – Арина Гладышева — 18:07.04 4×400 м эстафета (ерлер):2 – ШҚО құрамасы — 3:14.84 Фото: Константин Князевич , https://www.instagram.com/gubanofffjrДереккөз: @qazathletics