«Бірлік жүгірісі 2025»

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі 2025» облыстық бірлік жүгіру марафоны өтеді. Басталуы: сағат 10:00-де. «Қазақстан» тауына көтерілу жоспарланған. Жиналу орны: Полтавская көшесі, 88/1. Жүгіру жарысы келесі жас ерекшеліктері бойынша өткізіледі: 18–39 жас (ерлер, әйелдер), 40–59 жас (ерлер, әйелдер), 60 жастан жоғары (ерлер, әйелдер), Балалар жүгірісі: 14–17 жас (ұлдар, қыздар). Қатысушыларды тіркеу жүгіру басталғанға дейін 2 сағат бұрын жүргізіледі. Жеңімпаздар Қазақстан халқы Ассамблеясының грамоталары және медальдарымен марапатталады.