Эвелина Рябкова мен Асқар Өмірзақ U18 Азия чемпионатында

Жеңіл атлетикадан 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы VI Азия чемпионатында Эвелина Рябкова 400 метрге тосқауылмен жүгіруде 1:01.59 нәтижемен қола жүлде жеңіп алды.Пьедесталдың ең биік сатысына Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысы Марьям Карим көтерілді, оның нәтижесі — 59.55.Күміс жүлдені өзбекстандық Шодиона Рахмонова иеленді. Көпсайыста Асқар Өмірзақ 6524 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал алтын медаль — өзбекстандық Жахонгир Журабоевке бұйырды, оның нәтижесі — 6645 ұпай. Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!