Жаңа жылдық планка — 2016

Жеңіл атлетика манежінде 2005 жылы туған және одан кіші балалар арасында Өскемен қаласының ашық біріншілігі өтті. Ең жас спортшылар үш бағыт бойынша бақ сынады: 50 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру және 200 метрге жүгіру. Кейбір балалар үшін бұл жарыс мансабындағы алғашқы дода болғандықтан, олардың жадында мәңгі сақталары сөзсіз. Ұлдар арасындағы чемпиондар тізімін Егор Гетманскийден бастаған жөн. Ол барлық үш дисциплинада да қарсыластарынан озып шығып, чемпион атанды. Екінші орын Манас Сайдағалиге бұйырса, олардан кейін үшінші болып Вячеслав Алпатов келді. Вячеслав өте тартысты әрі есте қаларлық ойын көрсетті. Алғашқы жарыс нәтижесі бойынша үшінші орын алған Алпатов, кейінірек 50 метрге жүгіруде Манас Сайдағалиден 0,64 секундқа озып, екінші орынға тұрақтады. Қыздар арасында да нағыз бәсеке орнады. Жарыс басында София Тоискина көш бастап, Элина Логинова екінші, ал Лисана Савченко үшінші орынға ие болды. Алайда, келесі кезеңдерде тартыс қыза түсті. 200 метрге жүгіруде София ең жылдам желаяқ мәртебесін сақтап қалса, Лисана Савченко барын салып, екінші орынға көтерілді. Соңғы сында — ұзындыққа секіруде — Савченко күш жинап, бірінші орынға секіріп шықты. Мұндай қызу тартысты ешкім күтпеген еді, бірақ жас спортшылар чемпиондық атақ үшін аянбай күресе алатынын дәлелдеді. 2005 ж.т. және одан кіші балалар арасындағы жарыс қорытындысы Ұлдар. 50 м жүгіру: Гетманский Егор – 7,10 Сайдағали Манас – 7,60 Алпатов Вячеслав – 7,50 200 м жүгіру: Гетманский Егор – 29,71 Алпатов Вячеслав – 31,44 Сайдағали Манас – 32,08 Ұзындыққа секіру: Гетманский Егор – 4,25 Алпатов Вячеслав – 4,09 Гайбадулин Данил – 3,94 Қыздар. 50 м жүгіру: Тоискина София – 7,40 Логинова Элина – 7,45 Савченко Лисана – 7,50 200 м жүгіру: Тоискина София – 32,71 Савченко Лисана – 33,05 Бенке Регина – 33,69 Ұзындыққа секіру: Савченко Лисана – 4,18 Тоискина София – 4,03 Самойлова Татьяна – 3,94