<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Балалар жеңіл атлетикасы 2016

21 қазанда «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығында IAAF Kids Athletics жарыстары өтті. IAAF Kids Athletics — спорт әлеміндегі жеңіл атлетиканы дамыту саласындағы ең ірі бағдарламалардың бірі. Бағдарлама 2005 жылы құрылған. Бағдарламаның мақсаты: Балаларды жеңіл атлетикамен бастапқы деңгейде таныстыру; Спортпен жаңадан шұғылдана бастаған балаларды тарту және қолдау; Жеңіл атлетиканы мектептердегі танымал спорт түріне айналдыру. IAAF Kids Athletics тек федерацияларға ғана емес, сонымен қатар мектептер мен балалардың салауаттылығына мүдделі барлық мекемелерге бағытталған. Жарыс құрылымы: Бағдарлама үш жас санатында (7-8, 9-10 және 11-12 жас) үш бағыттан тұрады: жүгіру, секіру және лақтыру. Сонымен қатар, IAAF Kids Athletics аясында жарыстар өткізетін мұғалімдер мен жаттықтырушыларға арналған арнайы оқыту бағдарламасын әзірледі.

⚡ Cached with atec Page Cache