Ольга Рыпакова Рио-2016 Олимпиадасының финалына шықты

Ольга Рыпакова Рио-2016 Олимпиадасының финалына шықты 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіру жарысының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Дереккөз: vesti.kz Іріктеу кезеңінде Рыпакова 14,39 метрге секірді. Бұл нәтиже оған жарыстың финалына жолдама алуға мүмкіндік берді. Бағдарламаның бұл түрі бойынша финал 15 тамыз күні таңғы сағат 06:00-ге жоспарланған. Айта кетейік, Рыпакова финалға екінші мүмкіндігінен кейін жолдама алды. Бірінші талпынысында ол 14,10 метрге секірді. Ал колумбиялық Катрин Ибаргуэн 14,52 метр нәтижесін көрсетіп, финалға бірінші секіруінен-ақ өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылғы Олимпиаданың іріктеу кезеңінде Рыпакова 14,79 метр нәтижесімен бірінші болған еді. Финалда қазақстандық спортшы 14,98 метр нәтижесімен «алтын» иеленді. Дереккөз: vesti.kz Фото: iaaf.org сайтынан