ШҚО жеңіл атлеттері Ташкенттегі халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды

ШҚО жеңіл атлеттері Ташкенттегі халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды Жарыстар 3-4 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте өтті. Біздің спортшылар арасында ең табыстысы Евгений Архипов болды. Ол мұнда бірден екі алтын медальді иеленді: алдымен 400 метрге жекелей жүгіруде 51,77 секунд нәтижесімен жеңіске жетсе, кейін 4х400 метрлік эстафета құрамында үздік шықты. Айта кетейік, эстафетада екі қарағандылық спортшыдан бөлек, Архиповқа тағы бір өскемендік, Қазақстан чемпионы Жандос Кумарбеков серіктес болды. Осы жылдың ақпан айында ШҚО құрамасы аталған эстафетада ел рекордын орнатқан болатын, Ташкентте бұл рекорд бұзылған жоқ. Бұған бәсекелестіктің аса жоғары болмауы себеп болған шығар – қазақстандықтар Өзбекстаннан келген жақын қарсыластарын 3 секундтан астам уақытқа артқа тастады. 400 метрге жекелей жүгіруде де Архиповқа өзінің маусымдағы үздік нәтижесін көрсетудің қажеті болмады. Оның Ташкенттегі көрсеткіші өз үйіндегі ел біріншілігінде тіркелген үздік нәтижесінен бір секундқа қалып қойды. Тағы бір алтын медальді семейлік биіктікке секіруші Надежда Дубовицкая әкелді, ол үшін бұл жарыс нағыз серпіліс болды. Осы маусымда ол үшін басты мақсат 180 см биіктікті бағындыру еді. Дубовицкаяның өз еліміздегі үш жарысы бұл тұрғыда сәтсіз аяқталған болатын – әр кез ол межеге өте жақын келгенімен, планка құлап қала беретін. Тіпті бойжеткеннің осы биіктік алдындағы «комплексі» туралы әңгімелер де шыға бастаған еді. Мінекей, бұл ару спортшы ұмтылған мақсатына Өзбекстанда қол жеткізді. Ол 180 см биіктікпен тоқтап қалмай, 183 см планканы бірінші мүмкіндіктен-ақ бағындырды. Бірақ әрі қарай ілгерілей алмады. Нақты бәсекелестердің болмауы да кедергі келтірді – Азия чемпионатының қола жүлдегері жақын қуғыншысынан 13 см-ге озып кетті. Шығыс Қазақстан облысына күміс медальдарды Риддерден келген стайер Мөлдір Сейтханова (1500 м), 4х200 м эстафетасында «күміс» иеленген глубкокоелық Владислав Сутягин мен семейлік Тимур Парыгин, 60 метрге кедергілермен жүгіруде екінші болған өскемендік Мирас Қайдаров, сондай-ақ қыста ядро итеруден бақ сынауға мәжбүр болған найза лақтырушы Варвара Назарова сыйлады. ТУРНИР НӘТИЖЕЛЕРІ: 60 М ЖҮГІРУ. Юниорлар (32 қатысушы): Жалолиддин Хамрокулов (Өзбекстан) – 7,06 Виктор РЯБОВ (Қазақстан) – 7,08 Дмитрий Загоскин (Қырғызстан) – 7,12 …11. Тимур ПАРЫГИН (Қазақстан, ШҚО) – 7,3 …23. Мирас ҚАЙДАРОВ (Қазақстан, ШҚО) – 7,68 200 М ЖҮГІРУ. Юниорлар (27 қатысушы): Григорий Дерепаскин (Тәжікстан) – 23,03 Жалолиддин Хамрокулов (Өзбекстан) – 23,06 Виктор РЯБОВ (Қазақстан) – 23,29 …5. Владислав СУТЯГИН (Қазақстан, ШҚО) – 23,85 …26. Тимур ПАРЫГИН (Қазақстан, ШҚО) – мәреге жетпеді 400 М ЖҮГІРУ. Юниорлар (15 қатысушы): Евгений АРХИПОВ (Қазақстан, ШҚО) – 51,77 Аббос Нуриллаев (Өзбекстан) – 52,304 Шохрух Баратов (Өзбекстан) – 52,309 …7. Владислав СУТЯГИН (Қазақстан, ШҚО) – 53,83 …10. Жандос КУМАРБЕКОВ (Қазақстан, ШҚО) – 53,35 800 М ЖҮГІРУ. Юниорлар (13 қатысушы): Думан ГАБДЫГАЛИЕВ (Қазақстан) – 1:56,5 Аббос Нуриллаев (Өзбекстан) – 1:58,24 Голиб Тохиржонов (Өзбекстан) – 2:00,00 …5. Евгений АРХИПОВ (Қазақстан, ШҚО) – 2:01,13 …7. Сергей УНЖАКОВ (Қазақстан, ШҚО) – 2:00,88 1500 М ЖҮГІРУ. Юниор қыздар (7 қатысушы): Муаттар Баратова (Өзбекстан) – 4:50,42 Мөлдір СЕЙТХАНОВА (Қазақстан, ШҚО) – 4:55,77 Мехрантет Назарова (Тәжікстан) – 4:55,81 3000 М ЖҮГІРУ. Юниор қыздар (4 қатысушы): Муаттар Баратова (Өзбекстан) – 10:32,56 Маржона Баратова (Өзбекстан) – 10:40,55 Мехрантез Назарова (Тәжікстан) – 10:43,67 Мөлдір СЕЙТХАНОВА (Қазақстан) – 11:07,55 60 М КЕДЕРГІЛЕРМЕН ЖҮГІРУ. Бозбалалар (7 қатысушы): Александр Степанов (Өзбекстан) – 8,39 Мирас ҚАЙДАРОВ (Қазақстан, ШҚО) – 8,51 Никита КУЛИКОВ (Қазақстан) – 8,77 4х200 М ЭСТАФЕТА. Юниорлар (4 команда): Өзбекстан – 1:33,43 Қазақстан (Кондрашов Роман, Владислав СУТЯГИН, Виктор Рябов, Тимур ПАРЫГИН) – 1:33,92 Тәжікстан – 1:34.00 4х400 М ЭСТАФЕТА. Юниорлар (4 команда): Қазақстан (Евгений АРХИПОВ, Роман Кондрашов, Жандос КУМАРБЕКОВ, Думан Габдыгалиев) – 3:25,69 Өзбекстан – 3:28,87 Қырғызстан – 3:30,77 БИІКТІККЕ СЕКІРУ. Юниор қыздар (12 қатысушы): Надежда ДУБОВИЦКАЯ (Қазақстан, ШҚО) – 183 Алина Яблокова (Өзбекстан) – 165 Александра Юркенская (Өзбекстан) – 160 ЯДРО ИТЕРУ. Юниор қыздар (2 қатысушы): Фарида Хакимова (Өзбекстан) – 12,92 Варвара НАЗАРОВА (Қазақстан, ШҚО) – 10,77 Алексей Губанов, yk.kz сайтының материалдары бойынша.