Анастасия Сопрунова жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын жеңіп алды

Әйелдер арасындағы 60 метрге кедергілермен жүгіру бәсекесі ерекше тартысты оқиға ретінде есте қалмақ. Мұнда тек бір нәрсе анық еді — Қазақстан жеңіл атлеті чемпион атанады. Бірақ екі үміткердің қайсысы мықты болады деген сұрақ үлкен жұмбақ болып қалды. Алматылық Анастасия Пилипенко мен өскемендік спринтер Анастасия Сопрунованың деңгейі бір-біріне өте жақын. Екеуі де Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысқан, екеуі де қаңтар айының соңында Өскеменде өткен Қазақстан чемпионатының басты фавориттері болды. Тіпті, екеуі де Дохадағы Азия чемпионатында өздерінің іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен. Міне, көптен күткен финал сәті де келді. Екі Настя сөре сызығынан соңғы мүмкіндіктері сияқты бар күштерімен алға ұмтылды. Небәрі 8 секундтан астам уақыт өткен соң олар мәре сызығын қатар қиды, бірақ кімнің Азия чемпионы болғаны белгісіз күйде қалды! Таблода «нәтиже» бағанында бірдей сандар — 8,17 көрсетіліп тұрды. Тек фотофиниш қана Анастасия Сопрунованың өз аттасынан секундтың мыңнан бір бөлігіне озып кеткенін анықтады. Естеріңізге сала кетейік, өскемендік спортшы Пилипенкодан дәл осындай стильде өз үйіндегі Қазақстан чемпионатында да басым түскен болатын. Сондықтан Сопрунова мансабындағы екінші Олимпиада ойындарына қатысуға бек бекініп отыр деп нық сеніммен айтуға болады. Ольга Рыпакова өзгешелік үшін ұзындыққа секіруде де бағын сынап көрді. Бұл пән Олимпиада чемпионы үшін негізгі бағыт болмаса да, үш аттап секіру шеберіне Дохада қола медаль иеленудің сәті түсті. Айта кетерлігі, Рыпакованың 6,22 метрге бірінші секіруі-ақ оған «қола» сыйлады. Ольга нәтиже соңынан қуған жоқ, оған жерлесіміздің үшінші және алтыншы мүмкіндіктерден бас тартуы дәлел. Бұл ретте алтыншы мүмкіндік кезінде Рыпакова қолда бар нәтиже оған «тек» қола медаль әкелетінін анық түсінді. Бірақ бұл фактор Ольганы секторға шығуға мәжбүрлей алмады. Олимпиада чемпионы маңыздылығы жағынан екінші кезектегі жарыста бар күшін сарп етпей, сақтық танытқанды жөн көрді. Өйткені басты мақсат — тамыз айындағы жарыстарға жақсы дайындалу. Өкінішке орай, семейлік Регина Қайсарова өз мүмкіндігінен төмен нәтиже көрсетіп, 170 см биіктікте тоқтап қалды. Әдетте Регина жарысты дәл осы межеден бастайтын. Ал соңғы жарысында 180 см-ден жоғары секірген болатын. Бірақ бұл жолы мұндай жоғары нәтижені қайталай алмады. Оның себебін кейінірек білетін боламыз. ҰЗЫНДЫҚҚА СЕКІРУ. Әйелдер (12 қатысушы): Маока Джони (Үндістан) – 6,35 Би Ти Тху Тао (Вьетнам) – 6,3 Ольга РЫПАКОВА (Қазақстан, ШҚО) – 6,22 …10. Екатерина ЭКТОВА (Қазақстан) – 5,57 60 М ЖҮГІРУ. Әйелдер: Виктория ЗЯБКИНА (Қазақстан) – 7,27 – жарыс рекорды Юань Кики (Қытай) – 7,33 Дути Чанд (Үндістан) – 7,37 …7. Рима КАШАФУТДИНОВА (Қазақстан) – 7,50 800 М ЖҮГІРУ. Әйелдер: Марта Хирато Йота (Бруней) – 2:04,59 Нималиваливарша Арачиге (Шри-Ланка) – 2:04,88 Татьяна НЕРОЗНАК (Қазақстан) – 2:06,32 60 М КЕДЕРГІЛЕРМЕН ЖҮГІРУ. Әйелдер: Анастасия СОПРУНОВА (Қазақстан, ШҚО) – 8,168 Анастасия ПИЛИПЕНКО (Қазақстан) – 8,170 Валентина Кибальникова (Өзбекстан) – 8,32 БИІКТІККЕ СЕКІРУ. Әйелдер (9 қатысушы): Светлана Радзивил (Өзбекстан) – 1,92 Надя Дусанова (Өзбекстан) – 1,88 Женг Синьюань (Қытай) – 1,84 …6. Регина ҚАЙСАРОВА (Қазақстан, ШҚО) – 1,70 Алексей Губанов Фото – athleticsasia.org Дереккөз: vksport.kz
ШҚО спортшылары жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының екі медалін жеңіп алды

ШҚО спортшылары жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының екі медалін жеңіп алды Риддерлік жүгіруші Элина Михина 400 метрлік қашықтықта екінші орынға ие болды. Ол тек 51,67 нәтижесімен Азияның жаңа рекордын орнатқан брунейлік спортшы Мужидат Олувакемиге жол берді. Бір қызығы, Михина финалда Қазақстан чемпионатының шешуші кезеңіне (53,37 секунд) қарағанда төменірек нәтиже көрсетті. Дегенмен, Бруней спортшысының басымдылығы соншалықты үлкен болды, сондықтан мәреде бар күшті салудың аса мәні болмады, керісінше, жарақат алу қаупі жоғары еді. Ольга Рыпакова күткеніміздей Азия чемпионы атанды. Ол тағы да өзінің қайсар мінезін көрсетті – Олимпиада чемпионы үшін ең сәтті мүмкіндік ең соңғысы болды, онда Рыпакова 14,32 метрге «ұшты». Бұл – Азия чемпионаттарының жаңа рекорды. Үш аттап секіруден тағы бір қазақстандық шебер Ирина Эктова үшінші орынға табан тіреді. Басқа нәтижелердің арасында Виктория Зябкинаның 60 метрге жүгірудегі чемпиондығын, Роман Валиевтің үш аттап секірудегі жеңісін, сондай-ақ Михаил Литвиннің 400 метрге жүгіруде Қазақстан рекордын орнатып, үшінші орын алғанын атап өткен жөн. 400 М ЖҮГІРУ. ӘЙЕЛДЕР. Жартылай финал: Элина МИХИНА (Қазақстан, ШҚО) – 53,78 Ти Лан Куач (Вьетнам) – 55,02 Ясим Эсса Иман (Бруней) – 55,37 Альмохаммад Гурфан (Сирия) – 55,45 Ян Нг Венг (Макао) – 59,71 Финал: Мужидат Олувакеми (Бруней) – 51,67 Элина МИХИНА (Қазақстан, ШҚО) – 53,85 Ти Лан Квач (Вьетнам) – 55,69 Албмохаммад Гуфран (Сирия) – 55,73 400 М ЖҮГІРУ. ЕРЛЕР. Финал: Абдалелах Хассан (Катар) – 45,88 Абубакер Аббас (Бруней) – 46,60 Михаил ЛИТВИН (Қазақстан) – 46,80 ҮШ АТТАП СЕКІРУ. Әйелдер: Ольга РЫПАКОВА (Қазақстан, ШҚО) – 14,32 Джони Майока (Үндістан) – 14,00 Ирина ЭКТОВА (Қазақстан) – 13,48 ҮШ АТТАП СЕКІРУ. ЕРЛЕР: Роман ВАЛИЕВ (Қазақстан) – 16,69 Ренит Махесвари (Үндістан) – 16,16 Рашид Ахмед Аль Маннаи (Катар) – 15,97 Евгений ЭКТОВ (Қазақстан) – 15,91 60 М КЕДЕРГІЛЕРМЕН ЖҮГІРУ. Әйелдер. №1 іріктеу кезеңі: Анастасия ПИЛИПЕНКО (Қазақстан) – 8,21 Валентина Кибалникова (Өзбекстан) – 8,42 Аоки Масуми (Жапония) – 8,42 №2 іріктеу кезеңі: Анастасия СОПРУНОВА (Қазақстан, ШҚО) – 8,19 Гайатру Говиндара (Үндістан) – 8,38 Вонг Мин Яннан (Сингапур) – 8,88 Алексей Губанов Фото – athleticsasia.org Дереккөз: vksport.kz
