Спортшылармен баспасөз конференциясы

Спортшылармен баспасөз конференциясы 23 қаңтарда Өскеменде жоғары деңгейде өткен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан халықаралық турнир спортшылардың, жанкүйерлердің және жеңіл атлетика сүйер қауымның жадында ұзақ уақыт сақталары сөзсіз. Назарларыңызға жарыс қарсаңында өткен баспасөз конференциясынан сұхбатты ұсынамыз. Турнир қонақтары өз үміттерімен Татьяна Пташкина: — Шыны керек, өте қиын болды, нәтижеге көңілім толмады. Ұзақ ұшу, акклиматизация және уақыт белдеуінің ауысуы маған ауыр тиетін сияқты. Осында болған әр түні дерлік ұйықтай алмадым. Бұл жарысқа да әсер етті. Нәтиже, әрине, мәз емес, бірақ бары осы. — Ирина Эктованың жарыстан шығып қалуы бастаманың барысына әсер етті ме? — Әсер етпеді деуге болады. Мен жалпы қарсыластарды аса бақыламаймын, өз секірулеріме назар аударуға тырысамын. Маусым енді ғана басталды, сондықтан өз қателерімді байқап, немен жұмыс істеу керектігін түсіну қажет, басқаларға алаңдауға мүмкіндік жоқ. 14,08 м, 13,67 м. — Өткен жылы Прагадағы Еуропа чемпионатында болдым. Онда манеж өте жақсы. Бірақ айта кететін жайт, Еуропада негізінен сіздердікі сияқты жеңіл атлетикаға арналған бөлек ғимараттар жоқ. Онда қандай да бір хоккей немесе баскетбол аренасын алып, жарыс алдында оны жеңіл атлетика қажеттіліктеріне қарай қайта жабдықтайды. Сондықтан мұндағыдай манежді еш жерден көрген емеспін. Мұндағы адамдардың жеңіл атлетикаға өте жақсы қарайтыны қуантады. Украинада да, әрине, манеждер бар, бірақ Отанымызда мұндай деңгейдегі манеж жоқ. Диана Аглиулина: — Бұл манеж өте ыңғайлы, қалыптар (колодки) тамаша, жүгіру жолы өте жылдам. Егер мұнда 7,5 секунд нәтижесін көрсетсем, көңілім толады. Ирина Эктова: — Алдағы Қазақстан чемпионаты Азия чемпионатының алдындағы өзіндік бақылау жарысы және Әлем чемпионатына дайындықтың бір кезеңі болады. Сондықтан ел біріншілігінде өзімізді алдағы ірі жарыстардағыдай сезінуге тырысамыз. Әрине, мен әлі бабыма (пик формы) толық келген жоқпын, бұл туралы айту ерте. Қазақстан чемпионатында Оляның (Рыпакова — авт. ескертпесі) секіретіні қуантады, өйткені республикалық біріншіліктерде онымен жиі кездесе бермейміз. — Бұл жарысты біз екпін алу (разбег) бағытын реттеу үшін бақылау жаттығуы ретінде өткіздік. Қандай да бір жоғары нәтиже туралы сөз болған жоқ. Украинадан бір қыз келді. Біз бұл спортшымен Әлем чемпионатында кездескенбіз. — Ұйымдастыру деңгейі — өте жоғары. Қазақстандағы ешбір жарыс осы турнирдей өтпейді. Бұл — біздің бүкіл команда асыға күтетін қысқы жарыс. Кристина Радзиванюк: — Шыны керек, Өскемен туралы өмірімде бірінші рет осы турнирге шақырту алғанда ғана естідім. Бұрын Қазақстанда Астана бар екенін білетінмін, басқа қалалар туралы естігенмін, бірақ сіздердің қалаларыңыз туралы білудің сәті түспепті. Әсерім өте жақсы. Мұндағы адамдар ақкөңіл, жәрдемшіл екен. Манеж — тамаша, жүгіру жолы өте «жылдам». Бұл турнирге қатысу — өте жақсы тәжірибе. Оның үстіне, маусымда қосымша жарысқа қатысу ешкімге зиян тигізбейді. Хаким Ибрагимов: — Жарыстар барысында сіздердің атлеттеріңізбен кездесудің сәті түскен. 2012 жылы Бішкекте жігіттермен бірге жүгірдік. Кейін 2013 жылы Қосанов мемориалында бақ сынастық. Бұрын мен 400 метрге жүгіретінмін, өткен жылы осы қашықтықта мұнда 47 секундтан ерте келетін өте жақсы нәтиже көрсетілгенін білемін. Манеж үшін бұл өте жылдам көрсеткіш. Биылғы маусым мен үшін ең үздік маусым емес. Бір жыл бойы Ұлттық ұланда әскери борышымды өтедім, сондықтан қазір бабыма енді келіп жатырмын. 800 метрге қайта мамандандым. Мұндағы ең төменгі міндет — маусымдағы ең үздік нәтижені көрсету. Ал егер сәті түссе, 1:53,84 құрайтын жеке рекордымды жаңартуға тырысамын. Ариф Аббасов: — Мұнда жеке рекордтарымызды жаңарту үшін келдік. Біздегі манеж мұндай емес… Мүлдем басқаша. 400 метрге бар болғаны үш жолақ қана бар. Біз тіпті 200 метрге жүгірмейміз, өйткені жарақат алу қаупі өте жоғары — тізе мен санның артқы бұлшықеттеріне зақым келеді. Михаил Литвинмен таныс емеспін, бірақ ол туралы естігенім бар. . Алексей Губанов