Инновациялық әдістеме

15 желтоқсанда Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында облыстық дене шынықтыру диспансерінің қызметкерлерімен және оның директоры Александр Юрьевич Лущаевпен бірлесіп, біздің БЖСМ жаттықтырушыларын дайындау жұмыс жоспарына сәйкес жеңіл атлетикадан жаттығу процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістемесі қолданылды. Лактат (сүт қышқылы) деңгейін анықтайтын заманауи құрылғыны пайдалана отырып, жеңіл атлетикадан ҚР құрамасы мен БЖСМ тәрбиеленушілеріне субмаксималды физикалық жүктемелерден кейін бақылау өлшемдерімен эксперименттік жаттығу өткізілді. Анықталған көрсеткіштердің арқасында жаттықтырушылар жаттығу барысында әр спортшының физикалық жүктемесін жеке бақылауға, спортшы организміндегі қалпына келтіру процестерінің деңгейі мен жылдамдығын көруге мүмкіндік алды. Енді біздің базада тұрақты түрде өткізіліп тұратын бұл тестілеу 2016 жылғы маусымның алдағы жауапты жарыстарына жоғары спорттық баппен оңтайлы түрде жетуге ықпал ететін болады.