Мектеп намысы үшін

Мектеп намысы үшін «Мектеп намысы үшін» атты салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаев күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы Владимир Михайлович Головатюк, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Нұрланұлы Чикенов қатысты. ШҚО жеңіл атлетикадан СДЮСШОР-дың үздік жас спортшылары құттықтаулар мен болашақтағы спорттық жетістіктерге бағытталған ақыл-кеңестер алды. Барлығы еліміздің — Қазақстан Республикасының — абыройы үшін ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының жеңіл атлетика федерациясы атынан жас спортшыларға жарысқа арналған спорттық киім жиынтығы мен фирмалық шиповкалар табысталды.