Риддер кросс бойынша ШҚО чемпионатында жеңіске жетті

Жарыс ауа райының қолайсыз жағдайында өтті. Қатты жел жергілікті шаңғы базасының топырақ жолдарында шаңды аспанға көтерді. Күрделі рельефпен қоса, қашықтықты басынан аяғына дейін жүгіріп өтудің өзі үлкен жеңіс еді. Өкінішке орай, бұл бәрінің қолынан келе бермеді. Тіпті Риддерден келген атақты марафоншы Андрей Лейменов те арқа жарақатына байланысты 12 шақырымдық бәйгені аяқтай алмады. Риддер жеңіл атлеттері сенімді жеңіске жетті, олар облыстағы стайерлік қашықтықтардағы жеңістерді әлдеқашан иеленіп алған. Бұл қаланың спортшылары мүмкін болған 14 алтын медальдің жетеуін иеленді! 2 шақырымдық қашықтықта бірінен соң бірі мәреге жеткен Мөлдір Сейтханова мен Татьяна Дружина Спорт шеберіне кандидат (СШК) нормативін орындады. Барлық санаттар бойынша бұл көрсеткішке тек аталған спортшылар ғана қол жеткізді. Бейресми медальдық есепте екінші орынды Өскемен спортшылары, ал үшінші командалық орынды Семей қаласы иеленді. Жалпы алғанда, ШҚО-ның 11 елді мекенінің өкілдері медальдарды жеңіп алды. А. Н. ТРУНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КРОСС БОЙЫНША ШҚО ЧЕМПИОНАТЫ 500 М ЖҮГІРУ. Жасөспірімдер (2003 ж.т. және кіші, 52 қатысушы): Асылбек Қажмұқан (Үржар) – 1:29,2 Бота Кұмаров (Өскемен) – 1:30,4 Ілияс Исабек (Өскемен) – 1:30,6 Бойжеткендер (2003 ж.т. және кіші, 38 қатысушы): Ольга Пуляева (Риддер) – 1:27,4 Валерия Бабина (Риддер) – 1:34,7 Арина Гладышева (Риддер) – 1:36,2 Бойжеткендер (2001-2002 ж.т., 31 қатысушы): Регина Митрофанова (Риддер) – 1:20,3 Наталья Нурахметова (Семей) – 1:21,6 Александра Бочкарёва (Өскемен) – 1:23,4 1 КМ ЖҮГІРУ. Жасөспірімдер (2001-2002 ж.т., 28 қатысушы): Дмитрий Бывшев (Глубокое) – 2:55,6 Дмитрий Сальников (Черемшанка) – 3:01,3 Ерлық Еркембеков (Ушаново) – 3:01,6 Ерлер (21 қатысушы): Дулат Бахытбеков (Өскемен) – 2:48,9 Влад Голиков (Первомайка) – 2:49,4 Анатолий Жучок (Үржар) – 2:49,9 Әйелдер (11 қатысушы): Алина Савельева (Риддер) – 3:15,8 Сабина Манабаева (Үржар) – 3:25,7 Тамара Андрианова (Өскемен) – 3:43,2 2 КМ ЖҮГІРУ. Жасөспірімдер (1999-2000 ж.т., 29 қатысушы): Ерболат Ташманов (Риддер) – 6:44,1 Александр Мирошниченко (Первомайка) – 6:45,1 Владимир Кляйн (Семей) – 6:48,1 Бойжеткендер (1999-2000 ж.т., 16 қатысушы): Лариса Переверзева (Өскемен) – 8:22,4 Арина Сайфуллина (Өскемен) – 8:23,5 Светлана Андрейко (Тарханка) – 8:31,3 Бойжеткендер (1997-98 ж.т., 8 қатысушы): Мөлдір Сейтханова (Риддер) – 6:21,9 Татьяна Дружина (Риддер) – 6:27,5 Юлия Лопатина (Белоусовка) – 8:23,9 4 КМ ЖҮГІРУ. Жасөспірімдер (1997-98 ж.т., 9 қатысушы): Сергей Унжаков (Риддер) – 15:08,3 Данил Спорыгин (Өскемен) – 15:26,5 Ахат Канатаев (Өскемен) – 14:31,6 6 КМ ЖҮГІРУ. Бойжеткендер (1995-96 ж.т., 5 қатысушы): Юлия Рябцева (Өскемен) – 30:27,0 Татьяна Екимова (Өскемен) – 32:17,1 Таннұр Серсенханкызы (Өскемен) – 35:00,0 8 КМ ЖҮГІРУ. Жасөспірімдер (1995-96 ж.т., 4 қатысушы): Эдуард Васильев (Риддер) – 25:33,8 Әділбек Серікбек (Семей) – 25:37,4 Никита Кузнецов (Өскемен) – 26:28,9 Әйелдер (3 қатысушы): Қарлығаш Самыжан (Семей) – 38:50,92 Татьяна Максимова (Шемонаиха) – 48:30,3 Евгения Савченко (Өскемен) – 50:04,0 12 КМ ЖҮГІРУ. Ерлер (9 қатысушы): Әмір Байтуқанов (Өскемен) – 44:19,1 Бержан Сағатбек (Семей) – 44:54,3 Елдос Мұхаметов (Семей) – 46:33,3 Дереккөз: vksport.kz
