Мұғалімдерге арналған шеберлік сағаты 30-31.03.2015

30-31 наурыз күндері Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында Шығыс Қазақстан облысы аудандарынан келген дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған ашық жаттығу сабақтары өтті. Жеңіл атлетикадан ШҚО СДЮСШОР жаттықтырушылары Рашида Бурхановна Лушпай мен Людмила Валентиновна Пешко оқу-жаттығу тобының (УТГ-3) спортшыларына кедергілер арқылы жүгіру және биіктікке секіру түрлері бойынша сабақ өткізу әдістемесін көрсетті. Сонымен қатар, мұғалімдер Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жаттығу барысын тамашалап, оның бапкері Сергей Дмитриевич Алексеевпен тілдесуге, одан оқу-жаттығу процесін құру бойынша кеңестер мен ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.