Ашық есік күні
2014 жылдың 13 тамызында Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының “ШҚО жеңіл атлетика БЖСМ” КММ спорт күні мен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай “Ашық есік күні” акциясын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты Өскемен қаласында жеңіл атлетиканы насихаттау, балалар мен жасөспірімдерді жеңіл атлетика секцияларына тарту, салауатты өмір салтын насихаттау болды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері бастаған қаланың барлық 42 орта білім беру мектептері шақырылды. Жарыс бағдарламасына келесі пәндер кірді: жүгіру 60 м., 200 м. және эстафета 4*100 м. Жарысқа Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының “ШҚО жеңіл атлетика БЖСМ” КММ жаттықтырушылары да қатысып, оқушыларға спортпен шұғылданудың пайдасы туралы айтып, “Ольга Рыпакова”жеңіл атлетика орталығы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді. Балалар өте қызығушылық танытып, жеңіл атлетика секциясына жазылуға ниет білдірді.