Мемлекет басшысы ШҚО-ға барды
Күннің екінші жартысында, 23 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы жекпе-жек сарайын, жеңіл атлетика орталығы мен жүзу бассейнін аралады. Сапар барысында ол Өскемен қаласының спорт базасын кешенді дамыту бойынша жұмыс барысымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының спорт, білім беру, жастар саясаты саласында іске асырылатын жобалармен танысты. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің спорт саласының ардагерлерімен әңгімелесіп, оң өзгерістерді атап өтті. – Экономикалық дамудың арқасында біз әлеуметтік мәселелерді, оның ішінде спорттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алдық. Спорт нысандары бүкіл ел бойынша қалпына келтіріліп, салынуда. Сондай-ақ, барлық бағыттар бойынша біздің спортшыларымыздың нәтижелері динамикалық түрде жақсаруда. Мұның бәрі ұлт денсаулығын нығайту үшін аса маңызды, – деді Мемлекет басшысы.