Қазақстан Халықтарының бірлігі күні

Қазақстан халықтарының бірлігі күні 1 мамырда Өскеменде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған дәстүрлі шеру өтті. Мерекелік шеру Жеңіс даңғылынан басталып, Қазақстан көшесімен өтіп, республика алаңында мәреге жетті. Мерекеге 10 мыңнан астам азамат қатысты. Шеруге Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының “жеңіл атлетикадан Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің” командасымен бірге 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова қатысты.