Новости

Кезекті шеберлік сағаты 15.04.15

15 сәуірде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында жеңіл атлетикадан СДЮШОР жаттықтырушылары Л.В. Пешко мен Р.Б. Лушпай Өскемен қаласының дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған кезекті шеберлік сағатын өткізді.

Оқу-жаттығу сабағында олар мектеп тәрбиеленушілерінің көмегімен ұзындыққа және биіктікке секіру техникасын, сондай-ақ төменгі сөрені қолдана отырып спринтерлік жүгіру әдістерін көрсетті. Мұғалімдермен әңгімелесу барысында спорт мектебінің жаттықтырушылары өзара ынтымақтастық орнатуға және өз мектептерінің үздік спортшыларын жеңіл атлетика бөліміне жазылуға жіберуге шақырды.

 

 

 

 

 

 

Фотосуреттер