Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика – жүгіруден, жүруден, секіруден және лақтырудан тұратын олимпиядалық спорт түрі.
Келесі дисциплиналарды біріктіреді: жүгіру түрлерін, спорттық жүру, техникалық түрлер (секіру және лақтыру), көп сайыс, жүгірістер (тас жолда жүгіру) және кросс (ойлы-қырлы жерлерден жүгіру). Спорттың негізгі және ең көп тараған түрінің бірі.
Басқарушы орган – жеңіл атлетика федерациясының Халықаралық ассоциациясы (ЖАФХА), ол 1912 жылы құрылған және (2011 жылға) 212 ұлттық федерацияларды бірлестіреді. ЖАФХА «жеңіл атлетика» терминіне келесі анықтама береді: стадиондағы жарыстар, тас жолда жүгіру, спорттық жүріс, кросс және тауларда жүгіру (тау жүгірісі).
Дерекхана:https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D1%91%D0%B3%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D0%B0%D1%82%D0%B