Ғұсман Қосановтың Өмірбаяны

Қосанов Гусман Сыйтыкұлы (1935-1990) – жеңіл атлетші, Олимпиада чемпионы (1960)

Г.С. Қосанов 1935 жылдың 25 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Изатулла ауылында көп балалы отбасында дүниеге келді. Арғын тайпасының Қаракесек руының Жалықбасынан шыққан.

1951 жылы Семей (қазіргі Семей) теміржол мектебіне түсті. Ол оқудан басқа футболмен, шаңғымен, жеңіл атлетикамен, хоккеймен  шұғылданды.

1955 жылы Украина КСР Чемпионатында Косанов 100 метрді 10,7 секунд нәтижемен жүгіріп, тұғырдың екінші сатысына көтерілді. 1957 жылы атақты жаттықтырушы Александр Александрович Масловский Косановты Кишинев қаласына шақырады. Гусман дене шынықтыру техникумына түсіп, жеңіл атлетикамен айналысады. Ол ең алғашқы жарыста-ақ 200 және 400 метр қашықтықта және 4 × 100 эстафетада Молдова чемпионы болады. 1960 жылдың көктемінде 4 × 100 м. эстафетаны 40,7 секунд нәтижемен Қарулы Күштер командасы жеңіп алды. КСРО чемпионы мәртебесінде Косанов елдің ұлттық құрамасының құрамында 1960 жылы Римдегі ойындарға дайындалды. Бұл жарыстарда КСРО құрамасы 40,1 секунд нәтижемен (қол секундомерымен өлшенген) Германия құрамасынан кейін күміс жүлдегер атанды. Гусман Қосанов отандық спорт тарихына алғашқы олимпиадалық күміс медалін әкелген алғашқы қазақ ретінде мәңгі енеді, 1962 жылы Косанов Қазақстанға оралып, «СКА» командасында(Алматы) ойнай бастады.

1965 жылы Киевте КСРО-АҚШ матчында төрт эстафета американдықтардан озып, 4х100 м. эстафетаны КСРО-ның 39,3 рекордымен жеңіп алды. Бүкіл квартет – Эдвин Озолин, Гусман Косанов, Амин Тұяқов және Николай Политико КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру университетін бітірді.

Қосанов Гусман Сыйтыкұлы – КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Римдегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (1960, 4х100 эстафета бойынша), Токиодағы Олимпиада ойындарында 5 орын (1964ж) қатысушысы, 100 метрге жүгіруде Молдова, Украина, Қазақстан чемпионы.

1967 жылдан бастап жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Ғ.Қосанов КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1964), Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1968), Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерекше еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Оның құрметіне жыл сайын Алматыда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді.

Семейде жыл сайын Ғ.Қосановты еске алуға арналған жоғары оқу орындары мен колледждер арасында кросс бойынша Қазақстан Республикасының жеке командалық біріншілігі өтеді.

Фотосуреттер