Новости

Ең атақты спортшы

Ең атақты спортшы

Жеңіл атлетикадан ең атақты спортшы атағына таласта бәсекелестік аса көп емес екенін мойындау керек. Олимпиада ойындарының медальдарын тек үш спортшы иелене алды: Ольга Рыпакова (2012 және 2016), Ольга Шишигина (кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру, 2000 ж.) және Дмитрий Карпов (онсайыс, 2004 ж.).

Ольга Рыпакова Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қола медаль алғанға дейін, біздің жерлесіміз басқа Ольгамен — Шишигинамен сырттай бәсекеде тең келе жатқан болатын. Екеуінің де қоржынында Олимпиада ойындарының алтын медалі, жабық ғимараттағы әлем чемпиондары атағы болды. Сонымен қатар, екеуі де Әлем чемпионаттарында бір күміс және бір қола медальдан иеленіп, жабық ғимараттағы әлем біріншіліктерінде вице-чемпион атанған еді. Жалпы алғанда, олардың көрсеткіштері мүлдем тең болды. Рыпакованың аздаған басымдығы тек 2012 жылы «Гауһар лигасының» жалпы есебіндегі жеңісінде ғана еді.

Енді, Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан кейін (Рыпакованың қола медаль алғанын еске салудан жалықпаймыз), өскемендік Ольганың тағы бір қосымша артықшылығы пайда болды. Бұл оны Қазақстан тарихындағы жеңіл атлетикадан ең атақты спортшы етті.

Өкінішке орай, елімізде мұндай деңгейдегі спортшы жақын арада тәрбиеленіп шыға қоймас. Сондықтан Рыпакованың рекорды әлі ұзақ уақыт сақталмақ.

Дереккөз: yk.kz

Фото: iaaf.org сайтынан

Фотосуреттер