Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы Қазақстан Республикасының аумағында өтетін барлық жарыстарға қатысу үшін өтінімдерді электронды түрде беру жүйесін енгізуде.
Федерация сайтының «Кәсіби мамандарға» (Профессионалам) бөлімінде электронды өтінім файлы орналастырылған.
Электронды өтінімді жарыс басталғанға дейін жеті күннен кешіктірмей келесі электронды поштаға жіберу қажет: fla-rk@mail.ru
Дереккөз: www.kazathletics.kz
