Новости

«Бірлік жүгірісі 2025»

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі 2025» облыстық бірлік жүгіру марафоны өтеді.
Басталуы: сағат 10:00-де.
«Қазақстан» тауына көтерілу жоспарланған.
Жиналу орны: Полтавская көшесі, 88/1.

Жүгіру жарысы келесі жас ерекшеліктері бойынша өткізіледі:

18–39 жас (ерлер, әйелдер),

40–59 жас (ерлер, әйелдер),

60 жастан жоғары (ерлер, әйелдер),

Балалар жүгірісі: 14–17 жас (ұлдар, қыздар).

Қатысушыларды тіркеу жүгіру басталғанға дейін 2 сағат бұрын жүргізіледі.
Жеңімпаздар Қазақстан халқы Ассамблеясының грамоталары және медальдарымен марапатталады.

 

 

Фотосуреттер