Новости

Азия чемпионатының қола жүлдегері Елизавета Матвеева Чунциннен оралды

Жеңіл атлетикадан Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі биіктікке секіруден 1.80 м нәтиже көрсетіп, Чунцин қаласында өткен Азия чемпионатынан қола жүлдемен елге оралды.

Бұл жетістік спортшының өзі үшін ғана емес, бүкіл отандық жеңіл атлетика үшін маңызды табыс болды.

Салтанатты қарсы алу рәсімі жылы әрі қуанышты атмосферада өтті. Әріптестері, жаттықтырушылар мен мектеп басшылығы спортшыны ыстық ықыласпен қарсы алып, оның жетістігіне деген мақтаныштарын білдіріп, жаңа белестерге жету жолында қолдау көрсетті.

Шәкіртінің әр жетістігінің артында кәсіби еңбегі мен жанкештілігі тұрған жаттықтырушы Людмила Валентиновна Пешконы және Елизавета Матвееваны лайықты марапатымен құттықтаймыз!

Фотосуреттер