Новости

“ALTAY KIDS CUP” балалар жеңіл атлетика жарысы

Үстіміздегі жылдың жазында жеңіл атлетикадан үш тестілік жарыс өткізілгеннен кейін Шығыс Қазақстан облысының аумағында 3 кезеңнен тұратын “Altay Kids Cup” негізгі жеңілатлетикалық жарысы іске қосылды.

Швейцариялық UBS KIDS кубогы еуропадағы балалар спорттық жарыстарының ең танымал және жаппай моделіне негізделген. Жарыс бағдарламасына балаларға арналған жеңіл атлетиканың ең қолжетімді 3 түрі кіреді:

жүгіру 60 метр;
допты лақтыру 150 грамм;
ұзартылған итеру аймағы 60 см болатын жүгіруден ұзындыққа секіру.

Жарыс 3 жас санаты бойынша өтеді: ұлдар мен қыздар – 2003-2004, 2005-2006, 2007-2008 жж. т.

Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағын қамту үшін ALTAY KIDS CUP жарыс бағдарламасы 3 кезеңге бөлінген.

III кезең – финал, а.ж. 4-5 қарашада Өскемен қаласында өтеді, оған 342 спортшы қатысып, өз аудандары мен облыс қалаларының командалары үшін жарысады. Финалдық жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері “Altay Athletics” кәсіби клубынан бағалы сыйлықтар алады: 1 орын үшін смартфондар, 2 орын үшін сымсыз музыкалық динамиктер, 3 орын үшін сағат-фитнес.

Мұндай модель бойынша алғаш рет өткізіліп отырған және белгілі бір сынақ кезеңін талап ететін бұл жарыстарды жеңіл атлетика федерациясының президенті Д.К. Ахметов жеңіл атлетикамен айналысатын балалардың санын көбейту және олардың ішіндегі ең дарындыларын іріктеу мақсатында бастамашылық етті.

Жарыстың қорытындысы мен нәтижелері бойынша республика бойынша осы старттарды өткізу мүмкіндігіне талдау жүргізілетін болады.

Дереккөз: /www.kazathletics.kz/news/kids-athletics-competition-altay-kids-cup/

Фотосуреттер