Новости

Алматыда Олимпиадаға дейінгі жиын басталды

Алматы орталық стадионында Токиодағы Олимпиада ойындарына норматив орындаған спортшыларды даярлауға бағытталған оқу-жаттығу жиыны басталды.

Барлық лицензиаттар жеке жаттықтырушылардың басшылығымен, сондай-ақ ұлттық құраманың бас бапкері Дмитрий Карповтың жалпы жетекшілігімен жаттығады.

Жиынның жоспарланған аяқталу күні-26 шілде, содан кейін спортшылар Жапонияға сапар шегеді.

Команданың капитаны Ольга Рыпакова Токиоға басқа спортшылардан бұрын барады, өйткені ол Олимпиада құрамасының ту ұстаушысы болып табылады және Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуында Қазақстан туын көтереді.

Источник: https://qazathletics.kz/ru/news/v-almaty-nachalsya-predolimpijskij-sbor

Фотосуреттер