<linearGradient id="sl-pl-stream-svg-grad01" linear-gradient(90deg, #ff8c59, #ffb37f 24%, #a3bf5f 49%, #7ca63a 75%, #527f32)

Новости

Алғашқы старт – алғашқы рекорд

Жасөспірімдер мен аға жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының алғашқы жарыс күнінде медальдар сарапқа салынған сәт тарихи оқиғамен аяқталды – 5000 м қашықтықтағы спорттық жүрісте юниор қыздар арасында елдің жаңа рекорды орнатылып, сондай-ақ юниорлар арасындағы әлем чемпионатына қатысу нормативі орындалды.

Жаңартылған Ольга Рыпакова атындағы манежде Қазақстанның алғашқы рекордын алматылық спорттық жүріс шебері Маргарита Стороженко орнатты.

Оңтүстік астананың өкілі қашықтықты 23:52,48 нәтижесімен өте жоғары қарқында аяқтап, өткен жылы дәл осы жерде оның командаласы әрі жерлесі Сабрина Арзиева орнатқан ел рекордын айтарлықтай жаңартты. Өткен жылы Сабрина 24:11,82 нәтиже көрсеткен болатын. Осылайша, Стороженко былтырғы рекордты бірден 19,34 секундқа жақсартты!

Дереккөз https://www.instagram.com/p/DU6MP-BjAOI/?img_index=1

Фотосуреттер

⚡ Cached with atec Page Cache