ШҚО ОРМБЖСМ жеңіл атлетикадан ашық чемпионаты аяқталды.
Жарыстың екінші күні 200 және 800 метр қашықтықтарға жүгіруден, сондай-ақ қыздар арасындағы 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жүлделер сарапқа салынды. Техникалық сайыстарда ұлдар биіктікке секіруден, ал барлық қатысушылар үш қарғып секіруден сынға түсті.
Жарыстың қорытынды хаттамалары қосымша жарияланады.
Алда спортшыларды жүгіру жолдары мен секторларда тағы бір кездесу күтіп тұр. 11–12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының жеңіл атлетикадан ашық чемпионаты өтеді. Барлық қатысушылар мен жанкүйерлерді күтеміз!
Екінші күн — фотосәттерде.







