24 қазанда «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика орталығында Қазақстан Республикасының күніне арналған ШҚО жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық чемпионаты өтті.
Жарысқа қыздар мен ұлдар үш жас санаты бойынша қатысты: 2012–2013, 2014–2015 жылдары туған спортшылар және 2016 жылы туғандар мен одан кішілер.
Жас жеңіл атлеттер 1000, 600 және 300 метр қашықтықтарға жүгіруден бақ сынап, жылдамдықтарын, төзімділіктерін және үздік нәтижеге деген ұмтылыстарын көрсетті.
Жарыстың қорытынды хаттамалары кейінірек біздің сайтта жарияланады. Жаңалықтарды қадағалап отырыңыз!





