Ұзындыққа секіруде күміс: Фаина Мейрманова – Малайзиядағы чемпионаттың жүлдегері
Фаина Мейрманова есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Азия-Тынық мұхит чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Азия-Тынық мұхит чемпионатында Фаина Мейрманова сурдо жеңіл атлетикада күміс жүлдегер атанды. Ұзындыққа секіруде ол 5 м 37 см нәтиже көрсетті.
Жеңімпаз атағын Жапония өкілі Хинако Камимори иеленді, оның нәтижесі – 5 м 43 см. Бірінші және екінші орындар арасындағы айырма 6 сантиметр болды. Қола медальді 5 м 17 см нәтижемен Үндістан өкілі Самиха Барвин Мужи жеңіп алды.
Еске салайық, есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Азия-Тынық мұхит чемпионаты 2–9 қазан аралығында Малайзиядағы Пенанг аралында өтуде. Жарысқа 19 елден шамамен 400 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасын әртүрлі пәндерде өнер көрсететін 8 атлет таныстырады.