Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатының бірінші күнінде ШҚО өкілдері үш медаль жеңіп алды.
Юлия Башманова 100 метрге тосқауылмен жүгіруден 13,75 секунд көрсетіп, жеңіске жетті — бұл спортшының маусымдағы үздік нәтижесі. Ұзындыққа секіруден Анастасия Рыпакова күміс медаль жеңіп алды: бесінші әрекетінде ол өз нәтижесін 6,09 метрге дейін жақсартты, қорытынды хаттамада тек Алина Чистяковадан (Қазақстан) — 6,10 м — төмен болды. ШҚО қоржынына тағы бір марапатты биіктікке секіруден екінші орын алған Надежда Дубовицкая қосты, оның нәтижесі — 1,84 м.
100 м тосқауылмен жүгіру. Әйелдер:
- Юлия Башманова (Қазақстан) — 13,75 с
- Лидия Подсепикина (Өзбекстан) — 13,84 с
- Антонина Чернышова (Қазақстан) — 14,58 с
Ұзындыққа секіру. Әйелдер:
- Алина Чистякова (Қазақстан) — 6,10 м
- Анастасия Рыпакова (Қазақстан) — 6,09 м
- Розарио Тиа Луиза (Сингапур) — 5,95 м
Биіктікке секіру. Әйелдер:
2. Надежда Дубовицкая (Қазақстан) — 1,84 м
