Новости

Шымкент қаласында 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты жалғасуда.

Шымкент қаласында 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Турнирде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары лайықты өнер көрсетіп жатыр: «ШҚО МБЖСМОР» КММ тәрбиеленушілері командалық және жеке есепте жоғары орындар үшін жүгіру жолдары мен секторларда бақ сынауда.

Ұлдар

4×100 м аралас эстафета
3-орын — Шығыс Қазақстан облысының құрамасы (Любим Белоусов, Амина Жайнақова, Данил Мироненко, Дарья Ситникова) — 46,64 сек.

Биіктікке секіру
1-орын — Рамазан Бақытжанов (17.09.2009) — 1,95 м.
2-орын — Нұртас Рахымжанов (13.02.2009) — 1,90 м.

Қыздар

200 м
3-орын — Дарья Ситникова (02.10.2011) — 25,98 сек.

Ұзындыққа секіру
3-орын — Яна Хайрутдинова (07.01.2011) — 5,50 м.

Фотосуреттер