Қарағандылық Милана Зубарева, алматылық Маргарита Косинова, павлодарлық Мария Зиневич және Өскемен қаласының өкілі Софья Киденко 4×400 метрлік эстафетада Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Жарыс барысында команда жоғары қарқынды сақтап, мәреге дейін жүлделі орындар үшін күресті. Нәтижесінде қазақстандық квартет 3:43,63 уақыт көрсетіп, екінші орынға ие болды.
Алтын медаль Үндістан құрамасына бұйырса, қола жүлдені Гонконг спортшылары жеңіп алды.
Дереккөз: @qazathletics Instagram парақшасы
